Курсты сатып алуда анам екеуіміз көп уақыт күмән болғаңымыз әлі есімде. Сабақ уақыты Жоо-ға бірге бір тамаша өмір сәті болды. Түннің ішінде өз ұйқынды аямай бір жұлдызша үшін көз ілмегенім, сабақ уақытында кураторлармен ақылдасып, мотивация алғаным бостан бос қалған жоқ екені, міне ҰБТ-да әсем бейнемен көрінді.
Сабақтың нақты, қысқа болғаны өзіме өте ұнады, ал тесттерді орындап, жұлдызша алу жүйесі бір ойын секілді қызықты болды
Өзім болашақ программаға қосар ұсынысым: егер болашақта бір тепкі беріп, ұрысып, дестиплина сақтауға көмек беретін адам болғанда, оқушылар мен секілді кей жағдайда ерінбей, прокрастинация болмаушы еді. Бірақ естуім бойынша ЖОО мамандары тіпті осы проблеманы өздері аңғарып, 2 куратор енгізуде.
Осы курсты алғаныма мен немесе менің ата-аналарым мүлдем өкінген жоқ. білім ала отырып, ішкі грант ұтып алу мүмкіндігінде назарсыз қалдыруға болмайды. Курсқа риза болып қалдым.
Мәә, өзімше дәл сөзбен жазамын деп "Война и мир" жазып кеттіппін
бірақ бұл сөздердің өзі менің курсқа деген ризашылығымды жеткізе аламайды
Сізге де ерекше бір алғыс айтқым келеді. Бар түсінбейтін сұрақтарымды "кімнен сұраймын?" мәселесі болған жоқ. әр дайым бізге ашық көңіл-күймен жауап беріп жүрдіңіз.