Мен 11-сыныптың алғашқы айларында сынама тесттен 40-50 балл алып жүрдім. Әрине, бұл нәтижеге ең 1-ші өзімнің және мұғалімдер мен анамның көңілі толмады. Не істерімді білмей, тик-ток қарап жатқанда, бір ҰБТ жайлы курстың жарнамасы шықты. Сол кезде: "ой, тасташ, не үйретеді дейсің?! Ақша жасау ғой" деп әрі қарай тик-ток қарай бердім. 11-сыныптың 3-4 айы осылай еш әрекетсіз өтіп жүрді.
Қаңтарда қысқы ҰБТ-ны тапсыратын уақыт келіп қалды. Оған дайындалып кірдім. Тест тапсырып болғасын, ұпайымның 70-ке дейін өскедім көрдім. Бұрынғыдан жақсы, бірақ мен қалаған мамандықтың баллына иісе де келмейді, яғни баллым өте аз. Ертесіне мектепке барғанда, оқу-жылы басында өзім сияқты 40-50 балл алып жүрген Айдос деген досымның 113 алғанын естіп, иә ол үшін қуанарымды, иә өзім үшін жыларымды білмей қалдым. Шпор қолданды деп айтайын десем, қазір 1 емес, 2 камера. Тәртіп өте қатаң. Сабақтан қайтатын кезде оның жанына барып, мұндай деңгейге дейін қалай жеткенін сұрадым. Ол: "қыркүйектің басында тик-ток шұқылап отырып, бір жарнаманы көріп қалдым. Не болар екен деп үстін баса салып едім, ішіндегі курстың бағдарламасына қызығып, нөмірімді тастай салдым. Сосын олар маған хабарласып, сабақтардың бәрі тікелей эфирде өтетінін, кураторлар бар екенін және сол курс оқытатындар 50 грант ойнататынын айтты. Оған қоса, курстың бағасын айына 5-10 мың теңгеге бөліп төлеуге болатынын жеткізді. Осы кезде анам да жаным болып еді, ол кісі бірден мені сол joo.kz курсына жазып жіберді. Сол күннен бері онлайн 3-4 ай дайындалып келе жатырмын. Бүгінгі алған балл, сол курстың жемісі" деп айтты. Менің жоғарыда айтқан тик-токтағы жарнамалық курс, дәл осы joo.kz еді. Мен сол курста дереу жазылдым.
Маусым айында 2 ҰБТ-мды тапсырып шықтым. Баллдарым 102 және 98 болды. Мен ең алғашқы мамандықты өзімнің маркетинг және менеджментті жаздым. 2-мамандыққа өзімнің сәл-пәл қызығушылық танытатын география мұғалімін таңдадым. Өкінішке орай, 1-ші мамандыққа түсе алмай, келесісіне түстім. "Осыған да шүкір" деп жүргенде, маған түскі 13:23-те бір адам хабарласады. Телефонның ар жағында: "Бүгін Joo.kz курсына қатысқан адамдардың арасында 50 ішкі грант ойнатылып жатыр. Сіз маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша СДУ-ға грант ұтып алдыңыз" деген сөзді естіп, үйді басыма көтердім. Мектебім де, отбасым да қуанып, ҰБТ сынағын осындай қуанышпен аяқтадым.
Енді өзімнен кейінгі түлектерге айтарым: "әлі уақыт бар ғой" деп кейінгі қалдыра бермей, дайындықты дәл қазір бастап кете беріңіздер. Егер өзіңізде жалқаулық болса, курстарға ақша беріп қатысыңыз. Сол кезде курстағы куратор да, ата-ана да сізден есеп алып отырады. Бәріңізге сәттілік!