Пайдалы кеңестер

Мен оқуға түспей қалсам...

Адамдар көбінесе мақсатын шатастырады. Жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалам деп қорықпа, себебі мақсатың ЖОО түсу емес, білім алу. Жоғарғы оқу орнында оқымаған білімділер, жетістікке жеткендер көп.

Қателік жасау - о бастан адам табиғатына тән құбылыс. Ешнәрсе жасамайтын адам ғана қателеспейді.

Иә қоғам қателікті кешірмейді. Шын жанашырың ғана қателікке кешіріммен қарайды.
Жасаған қателігіңнен сабақ алған болсаң, ол қателік емес тәжірибе. Белгілі бір салада жетістікке жеткен адамдар, ең көп қателік жасап, қателіктерінен сабақ ала білгендер.

Әлемнің ең бай адамдарының бірі, Alibaba group холдингінің негізін қалаушы қытайлық Джек Ма университетке 3 жыл қатарынан түсе алмаған.

Томас Эдисон лампочка жасау жолында 1000 рет сәтсіз тәжірибе жасаған деседі, тек мың бірінші тәжірибеде қажетті нәтижеге қол жеткізген. 1000 рет қателескенде қандай сезімде болғанын сұрағандарға Эдисон былай депті: "Қателік жасау - даму үрдісінің айрылмас бөлшегі".

Эдисон 1000 рет қателессе де, ешқандай қателігіне сылтау айтпады. Себебі сылтау ол жасаған қателігіңді қорғау деген сөз.

Пенальтиден ең көп қателесетін футболшылардың бірі - әлемнің ең үздік ойыншысы Лионель Месси. Жетістікке жетудің ең қысқа жолы - қателік жасаудан қорықпау!
Ең көп қателесетін де, ең көп дамитын да кішкентай балалар. Енді жүріп келе жатқан бала бір рет құлағаннан кейін қорқып қайта тырыспаса ешқашан жүре алмайтын еді.
Кез-келген адамның шексіз екінші мүмкіндігі бар.

Әрқашан жадыңда ұста, барлық адамның қателесу құқығы бар, тек сол қателік сенің сағыңды сындырмаса болғаны!