Біз бір істі бастарда күшті шабытпен жасаймыз. Ағылшын тілін үйренетіндер бірінші күні 100 сөз жаттайды. 10 ереже үйренеді. 2 сағат аудио тыңдайды. 1 сағат кітап оқиды. Келесі күні мұның бәрін ми көтере алмай қиналады. «Тағы 4 сағат дайындаламыз ба? Оңай жолы жоқ па? Кейін үйренсең болмай ма? Күшіміздің бәрі соған кетсе, сосын қалай күн көреміз?» деп сылтауларды үйіп салады. Солай дайындық жайына қалады. Бәріне таныс жағдай.Мидың әрекеті дұрыс, себебі қызметі – сізді қорғау. Ал енді миды алдау, тынышталдыру үшін былай жасаңыз. Күніне 4 сағат емес, 20 минут дайындалыңыз. 100 емес, 5 сөз жаттаңыз. Хит боп жатқан әнді текстімен тыңдаңыз. Балаға арналған ертегіні ағылшынша оқыңыз. Миыңыз «Жиырма минут деген дым емес. Әкел, бастайық» дейтініне күмәнім жоқ.Тамшы тама-тама тасты тесетіні бесенеден белгілі. Сіз 6-9 ай бойы жиырма минуттан дайындалыңызшы. Элементари деңгейінен интермедиат деңгейіне жететініңізге сенемін.Бұл барлық іске қатысты. Спортта да, ҰБТ-ға дайындықта да, бизнес те де осы формула жақсы нәтиже береді. Жылдам деген сөз: күн сайын аз-аздан жасап тұру, қозғалу.2021-08-09 09:47