Пайдалы кеңестер

ҰБТ-да болуы мүмкін ең жаман жағдай

Ең жаман жағдай деп атауға келмес, бірақ ең нашары – жеткіліксіз балл жинау. Егер осы жағдай орын алуы мүмкін болса, оған алдын ала дайындалыңыз. Егер сіз 120 балдың орнына 70 балл жинап қалсаңыз, ары қарай не болмақ?

Бұны неге айтып жатырмын? Сол жағдай орын алса, шашыңызды жұлып, бүкіл әлемді тастап жіберуге дайын тұратыныңыз анық. Алайда бұл жағдай соған тұрарлық па? Егер балыңыз аз болса, онда грантқа түсуге болатын басқа мамандық таңдаңыз. Бастысы, адамның қажыр-қайраты болса, ең нашар университетте оқи тұра, ең жақсы университетті бітірген студенттен де жақсы біліп шыға алады.

Екінші вариант – сол өзіңіз қалаған мамандыққа бір жылға ақылы оқыңыз. Оқудан шығып қалған студенттің орнына ауысуға мүмкіндік болады.

Үшінші вариант – осы жылы оқуға түспей-ақ қойыңыз. Бір жыл демалыңыз. Оны-мұны істеп көріңіз. Елді аралаңыз. Саяхаттаңыз. Бұл практика әлемнің көптеген елінде бар, оны «үзіліс жыл» (gap year) деп атайды. Олар мектеп бітіре сала бірден оқуға түсуге асықпайды. Бір жыл өзімен-өзі болып, жоғарыда мен айтқан нәрселерді істейді.

Келесі жылы таза баспен, жетілдірген біліммен грант ұтып аласыз.

Яғни, қай жағдайда да сіз ұтылмайсыз. Варианттың көп болғаны қандай жақсы. Вариант жоқ болса, мүмкіндік бір рет қана берілетін болса, қайтер едік???
2021-08-09 09:51