Пайдалы кеңестер

Ата-ана және ҰБТ

Құрметті ҰБТ тапсырушы талапкер! Сіз ҰБТ-ны уайымдап жүргенде, ата-анаңыз сізден бетер уайымдайды. Неге, білесіз бе? Себебі олар ҰБТ тапсырған жоқ. Олар ҰБТ-ны үлкен алынбас қамал деп көреді.

Сондықтан кейде саған «Дайындал!» деп ұрсып алуы да ғажап емес. Оның үстіне «жұрттың балалары» оқуға түсіп жатқанда, өзінің баласының түсе алмай қалуынан қорқады, ұялады, намыстанады, уайымдайды.
Сондықтан ата-анаңызбен отырып сөйлесіңіз. 

ҰБТ деген өмірдің соңы, қабірдің аузы емес. Өмірдің бір белесі секілді. Қазір өте алмасаң, келесі жолы тағы да мүмкіндік беріледі. Сосын тағы да. Қашан өзің берілмесең, ол саған мүмкіндік беруден жалықпайды.