Пайдалы кеңестер

Үйде ҰБТ-ға кедергі жасаса, не істеймін?

Карантин кезінде барлығы үйде ҰБТ-ға дайындалуда. Алайда, концентрациялы түрде дайындалу мүмкін емес. Себебі сізге бәрі кедергі жасайды. Балалар, үй шаруалары немесе бітпейтін жұмыс күтіп тұрады. Бұл жағдайда қалай дайындаламыз?

1. Өзіңіздің режиміңізді отбасы мүшелеріне айтып қойыңыз. Мысалы, таңертең 9-дан 12-ге дейін мен дайындаламын, мазаламауға тырысыңдар деп ескертіңіз.

2. "Балалар менің бөлмеме кіріп, алаңдатады." Сіздің мектепте бірге дайындалып жүрген досыңыз, сыныптасыңыздың үйінде дайындалуға келісіңіз. Немесе балалар ұйықтап жататын уақытта сабаққа отырыңыз.

3. Егер үйіңізде мектеп жасындағы балалар болса, олармен бірге сабақ оқуға тырысыңыз. Оларға да, сізге де пайдалы. Карантин режимі алынған соң отбасыңызға серуендеуді ұсыныңыз. Осы уақытты пайдаланып қажет тақырыптарды оқыңыз.

4. Күйзеліске, ашуға салынбаңыз. Барлық мәселенің шешімі бар.

Достар, есептердің жауабы бүгін сағат 19:00-де YouTube каналымызға салынады. Қоңырауды басып, хабарлама қосып қойыңыз.