Пайдалы кеңестер

Жақсы мамандық таңдағым келеді

ҰБТ тапсырып шыққан соң, ендігі мәселе мамандық таңдау. ҰБТ-ға дейін бір мамандықты таңдап келген боларсыз. Қазір алған балыңыз оған жетуі-жетпеуі мүмкін. Жаңа шарттарды ескеру керек. Биыл бәрінің балы аз шығып жатыр. Демек, конкурс деңгейі төмендеуі мүмкін. Ендеше жинаған балыңызбен жақсы мамандыққа түсуге мүмкіндік болуы мүмкін. Оның бәрін JOO.KZ-тің жеке кеңесінен ала аласыз.

Негізгі мәселеге көшейік: мамандық таңдау. Осы уақытқа дейін бұл тақырыпқа қаншама пост жаздық. Жаңа оқырмандар үшін тағы да қысқаша атап кетейік.

1) Қай мамандыққа бейімсіз? Ішіңіз сезетін болар. Біреу техникаға жақын, біреу дәрігерлікк бейім, біреу компьютерге құмар. Соған сай мамандық таңдаңыз. Сонда жұмыс істеу, оқу оңай болады. Рахаттанып шаршайтын боласыз.

2) Отбасында жалғасып келе жатқан мамандық. Егер отбасында бәрі мұғалім болса, ол сізге де жұғуы мүмкін. Әрі оны оқу, жұмысқа тұру оңай болуы мүмкін. Оны да ескеріңіз.

3) Профориентация тест тапсырыңыз. Сіздің психотипіңізге қарай жаныңызға жақын мамандықтар тобын шығарып береді. Арасынан таңдайсыз.

4) Сұраныстағы мамандықты таңдаңыз. Мысалы, дәрігер, мұғалім, программист, т.б.

5) Қандай проблема көңіліңізді қалдырып жүр? Соны шешетін мамандыққа оқыңыз.

6) Еліңізге қандай маман ауадай қажет? Қандай мамандық ақсап тұр және еліміз содан зиян шегіп жатыр? Сол мамандыққа оқыңыз. Мағжан Жұмабаев, Қаныш Сатпаев солай жасаған.

Осыларды саралай келе, бір шешімге келіңіз. Жүрегіңізді тыңдаңыз. Бәрі ОК болса, онда кірісіңіз. Сәттілік!