Пайдалы кеңестер

Ауыл квотасына балл қосыла ма?

Ауыл квотасына ешқандай балл қосылмайды. Сонда қалай есептеледі?

Барлық гранттардың 70 проценті жалпы конкурспен тағайындалады. Ал қалған 30 проценті ұпай санына қарай ауыл жастарының арасында таратылады. Квотасы бар басқа азаматтар алдымен жалпы конкурсқа қатысады. Одан өтпесе, квоталық гранттарға таласады. Онда да ҰБТ-ның ұпай саны ескеріледі.

Мысалға, Айнұр ауыл мектебінің түлегі. Ол таңдаған "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" деген мамандықта ауыл квотасы бар. Және сол мамандыққа жалпы саны 100 грант бөлінді делік.

Грант бөлістірілгенде алғашқы 70 грант ауыл болсын қала болсын, осы мамандықты таңдағандардың ҰБТ балы бойынша алғашқы 70іне беріледі. Ал біздің Айнұр сол алғашқы 70 грантқа ілікпеді.

Бірақ Айнұр грантқа түсті, ол қалай? Себебі, қалған 30 грантты тек қана ауыл мектебін бітіргендерге таратылады. Яғни, Айнұр 30 гранттың біреуіне ілікті.

Айнұр үшін маңызды: Ауыл квотасы есебінен мемлекеттік грантпен білім алған түлектер оқуларын тәмамдаған соң 3 жыл бойы ауылда жұмыс істеуге міндеті.

Бұл талапты орындамасаң, жазасы да дайын: ауылға барудан бас тартқан маман өзінің білім алуы үшін қазынадан бөлінген қаржыны әр теңге, тиынына дейін санап, мемлекетке қайтаруы тиіс.

Достарыңды шақыруды ұмытпа, себебі білім бөліскен сайын көбейеді.
Made on
Tilda