Себебі сен инстаграм не тиктокта арзан күлкі мен пайдасыз ойынды үздіксіз беріп тұратын каналға жазылып алғансың. Сол сәтінде саған қызық: ыржиып күлесің, мәз боласың. Бірақ бір-екі сағатыңды сонымен өткізесің. Нәтижесінде басыңда пайдасыз видеодан басқа ешнәрсе жоқ. Қоқыс толған жәшіктей боп тұрады.Көшейін деп жатқан, шашылған бөлмеге кіріп көрген боларсың? Оның ішінен ине іздеу мүмкін емес. Егер инені пайдалы ақпарат десек, қоқысты 1001 видео десек, онда қайдан есте сақтау қабілеті болсын!Бұрынғы ғалымдардан, мысалы Эйнштейннен ғалымдық дәрежеге қалай жеткенін сұраса «біз сол ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспайтын едік, ойланбайтын едік, оқымайтын едік» деп жауап береді. Есте сақтау қабілетіңді арттырғың келсе, қоқыстың каналдарын жап.Басыңды ретке келтір. Есте сақтағың келген нәрсемен дерттен. Сонымен ұйықтап, сонымен оян. Оянғанда ең алғаш ұстайтын, көретін нәрсең сол болсын.2021-08-09 09:43