Бұндай оқиғаға талай куә болғанбыз: жақсы оқитын оқушылар жоғары балл алатынына сенімді боп жүреді. Бірақ ҰБТ-дан төмен балл жинайды. Бұл жағдайдың себебі бар, сол туралы айтып береміз.Бірінші себеп: Әсіресенімділік«Мен барлық сабақтан 5-пін. ҰБТ деген не ол, оп-оңай!» деп өзіне сенімді жүретін озаттар болады. Сенімділік – өте жақсы қасиет, бірақ оның тірегі, негізі болу керек. ҰБТ деген мектептегі емтихан сияқты емес. Бұл жерде мұғалімнің көзін ала бере шпордан көшіре алмайсың.Сынақ кітапшаларымен жиі жұмыс істе. ҰБТ-ның тапсырмаларына көзіңді үйрет, таныс. Бұл істі қазірден бастап жасауың қажет. ҰБТ-ның форматына біліміңді тексертіп көр, қай жерден әлсіз екеніңді көрсетіп береді. «Мен бәрін біліп тұрдым, бірақ пәндердің жауабын ауыстырып белгілеппін» дегендерді естіген шығарсыз.Екінші себеп: ЖүйкеБұл енді жаман нәрсе: жақсы дайындалған талапкер емтиханда жүйкесі сыр береді. Қолы дірілдеп, алақаны терлеп, біліп тұрған сұрақты білмей қалады.Мұздай су ішіп, өзіңді сабырға шақырып, терең дем алып, стрестті жеңуді үйрен.Үшінші себеп: Күтпеген тапсырмаларКейде ешкім күтпеген сұрақтар келеді. Оған көз үйренбеген. Есепті шығарып үйренбегенсіз.Бұның алдын алу үшін қиын есептерді шығарып үйрену керек. Көбірек дайындалған сайын есте жақсы қалады. Ертерек дайындықты бастасаң, жиірек қайталауға уақыт қалады.Тағы қандай себептер бар деп ойлайсыз?2021-08-09 09:55