Пайдалы кеңестер

Тарихқа қалай дайындаламыз?

1. Тест жаттап керек емес. Кітап оқыңыз.

2. Қолыңызға плакат, түрлі-түсті фломастер, стикер алыңыз. Бірінші плакаттың ортасына «Тас дәуірі», екіншісіне «Сақтар», үшіншісіне «Қазақ хандығы», «ІІ ДЖС», «Репрессия», «Тың игеру», «Ашаршылық», «Көтерілістер» т.б. жазып алыңыз. Интеллект карта жасаңыз. Стикерге жазып жабыстырыңыз. Енді сізге ТЫҢ ИГЕРУ-ден сұрақ келсе, көз алдыңызға плакатты елестетіп, кез келген жауабын таба аласыз.

3. Кез келген тарихтың әдемілігі картамен байланысты. Өзіңіз оқыған тарихтың картасын сызып үйреніңіз. Есте мықты сақталады.

4. Плакатты да, картаны да көрінетін жерге іліп қойыңыз. Санада жақсы жазылады.

5. Демалыс кезінде тақырыпқа қатысты кітап, кино, док фильм қарауға болады. Бұл нәрсе оқығаныңды сіңіруге жақсы.

6. Үйренген тақырыпты командадағы бір адамға сызып түсіндір. Түсіндіру арқылы өзіңнің есіңде ұзақ қалады.