Пайдалы кеңестер

Университетті қалай таңдау керек?

Білімің сапалы болу үшін, уақытың өнімді өту үшін, жақсы достар табу үшін, жақсы пайда табу үшін дұрыс оқу орнын таңдау өте маңызды. ЖОО таңдау барысында ескеретін бірнеше факторды атай кетейік.

1. Таңдаған білім ордасы өз түлектерінің жұмысқа орналасуына қаншалықты ат салысады, соны білу. Оны қалай білеміз, университет әртүрлі ірі компаниялармен келісімшарт жасасқан ба? Бірлескен жобалары бар ма? деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

2. Шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламасы бар ма, соны білу керек. Бұл арқылы сен 2 диплом алып шыға аласың. Төрт жыл оқудың екі жылын шетелде оқи аласың.

3. Жұмыс берушінің сұранысына ие университетті таңдауға тырысу.

4. Жатақханасы бар ма? Өйткені пәтер жалдап тұру бәріне қолжетімді емес.

5. Әскери кафедрасы бар ма, соны білу керек.

6. Сен таңдаған мамандық қай университетте мықты, соны іздеп көр. Көп жағдайда өте көп бағытта оқытатын мемлкеттік университет емес бірнеше бағытта ғана оқытатын жекеменшік оқу орындары жақсырақ болып жатады.

Приложениедегі «Мамандық» бөлімінде өз мамандығыңа кір. Университеттер бөліміне кірсең, сол мамандықты қай ЖООларда оқытатынын көре аласың.

Ең қызығы - ол шетте университеттер рейтингісі бойынша тұр.

МЫНА
 сілтеме арқылы өт.