Оқитын жер
Оқитын жер жайлы, әдемі болу керек. Орындық пен стол ыңғайлы, жарық дұрыс әрі жеткілікті, құралдар толық болу керек. Яғни, осы жерде отыра бергің келетіндей болу қажет. Қаласаңыз, әдемі үй гүлін әкеліңіз. Қабырғаға шабыт беретін сөз жабыстырыңыз.Жоспарлау
Оқу піл секілді алып боп тұрса, қалай жақсы көресің? Одан қашып кеткің келеді. Ал жоспарлау арқылы осы пілді орындауға болатын ұсақ бөлшектерге бөле аласыз. Әр күнге жұмыстар тізімін жасаңыз.Конспект жасау
Жеті рет оқығанша, бір рет конспект жаз. Сол арқылы материалды тереңірек түсінесіз. Бәрін жазу қажет емес, тек маңыздысын.Жарты сағат сайын үзіліс
Оқып бастадыңыз ба, таймер қойыңыз. Отыз минуттан соң бес минут демалыңыз. Шай әкеліңіз, печенье жеңіз, жаттығу жасаңыз. Сосын қайтадан отыз минутқа кіріңіз.Жаттығу
Оқу процесі барынша отырумен өтеді. Ал бұл денсаулыққа зиян. Жиі жаттығу жасап, бұлшықетті жұмсартып отырыңыз. Әрі қанайналым жақсарады, әрі ұйқыңыз ашылады.Әлеуметтік желі
Әлемжелі ең көп уақытымызды ұрлайды. Соған уақыт бөлгендей оқуға уақыт бөле алсақ қой, шіркін. Өзіңізге сенбесеңіз, онда смартфонға лимит бағдарлама қойыңыз. Күніне бір сағаттан аспасын.Интернет ұстаз
Биологиядан он беттік материалды оқып іш пыстырғанша, соның видеосын қарап көріңіз. Иллюстрация, анимация арқылы оны жақсырақ түсінесіз әрі қызықты өтеді.Ұстаз және шәкірт
Оқыған материалды жақсырақ түсіну үшін оны біреуге түсіндіру қажет. Ал үйде сіздің іш пыстыратын терминдерді ешкім тыңдамаса ше? Онда ойыншық аю не итті әкеп қойып, соған адам секілді түсіндіріңіз. Ешкім сізді видеоға түсіріп жатпағанына мән беріңіз)Бір уақытта көп іс
Бұл сізге ешбір пайда бермейді. Бір істі соңына дейін бітіріңіз. Сосын келесісін бітіріңіз. Бір энергияны бәріне бірдей бөле алмайсыз. Ал бір іске бөлсеңіз, ол нәтижелі болады.Тәні саудың жаны сау
Әрине, оқыған жақсы. Бірақ ол денсаулықсыз бола ма? Уақытылы ұйықтаңыз, дұрыс тамақтаныңыз, спортпен айналысыңыз, көкөніс көбірек жеңіз.2021-08-09 09:20