Егер сіздің арманыңыз ҰБТ-дан ең төмен баллды жинау болса, әрине, оған жетудің жолы бар. Армандар орындалатынын ұмытпағаныңыз жөн. Бастысы оған жақсы жоспар керек. Ол мынадай:1) Мамандық, оның ішінде таңдау пәндерін таңдауға асықпаңыз. ҰБТ-ға бір ай қалғанда таңдайсыз немесе ҰБТ-ға кіргенде ауыстырып үлгересіз.2) ҰБТ-ға мүлдем дайындалмаңыз. Мұғалім не ата-анаң сұрап жатса, дайындалған сыңай танытыңыз.3) Бір есепті не сұрақты шеше алмай жатсаңыз, мұғалімнің артынан жүгірмеңіз. Өз бетіңізбен де ізденбеңіз.4) Ертең істеуге болатын істі бүгінге қалдырмаңыз.5) Қосымша дайындық топтарына бармаңыз.6) Реті келсе, кино көріп, сериалдарды жібермеңіз.7) Сынақ емтихандарында жинаған баллдарыңыз бірте-бірте төмендеп жатса, бұл жақсы көрсеткіш. Егер керісінше өсіп жатса, онда уайымдаудың жөні бар. Демек, сіз жоғарыда айтылғандарды істемей жүрсіз деген сөз.8) Бір уақытта көп іспен айналысыңыз.9) Тарихқа дайындалып жатқанда телефоныңыз интернеті қосулы боп жаныңызда тұрсын. Уатсапты тексеріп, тикток қарап, инстаграм парақтап отырыңыз.10) Кеш жатып, кеш тұрыңыз.11) Ертеңгі күнге жоспар жасамаңыз. Алдымен ертең болсын, сосын қайсы іс есіңізге түседі, содан бастайсыз.12) Шпор дайындаңыз. Себебі бұл арқылы ҰБТ-дан аз жинамақ түгіл, аудиториядан қуылуға керемет мүмкіндік.Ал, ҰБТ-дан аз балл алып қалып, грантқа түсе алады ма екенмін деп ойлап жүрсең консультацияға жазыл! МЫНА сілтемені басып, өтініш қалдыр🙌🏻Әзірге есіме келгендері осы. Сіз тағы қандай жолдарын білесіз? Жаза отырыңыз, біліп жүрейік.2021-08-09 09:40