Пайдалы кеңестер

5 досыңның арифметикалық ортасы

Бес досыңның арифметикалық ортасы – СІЗ. Достарың уақытын текке өткізетін, оқуды қаламайтын, жаңа нәрсе үйренбейтін, арызқой болса, онда сіз де сондайсыз. Себебі достарымыз бізге қатты әсер етеді. Олардың әдеттерін біз өзімізге сіңіріп, үйреніп аламыз.

Ал түрлі қабілетті меңгерген, жиі оқитын, жаңа нәрселерді үйренуге құмар достарың болса, олардан сол қабілетті бірте-бірте жұқтыра бастайсың.

Қазір достарыңызды саралап көріңізші. Ең жақын араласатын бес досыңыздың қасиеттерін атап шығыңыз. Соңғы айларда олардан не үйрендіңіз? Егер жақсы нәрсе үйренбесеңіз, онда жаман нәрсе үйреніп жатқаныңыз анық.

Жақсы дос іздеңіз. Жаман достан қашыңыз. Жаңа досыңызға сіз бірнәрсе үйретіңіз. Ол сізге өзі білетін жақсы әдетін үйретсін. Осылай екі жақ та жеңіп шығады.

«Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» дейтін сөзде шындық бар. Ал сенің достарың қандай адамдар?