Пайдалы кеңестер

Емтихан кезінде қобалжымау жолдары

Өкінішке орай, қобалжудан 100% құтылу мүмкін емес. Дегенмен, паника мен стресстің алдын алуға болады.
Мына кеңестерге назар салыңыз📌

- Сіз не нәрсеге байланысты қобалжып тұрсыз? Себебін анықтаңыз: аз дайындық, материалды ұмытып қаламын деп, емтиханнан құлаймын деп, емтиханда уақыт жоғалтып аламын деп пе? Проблемаңызды шешуге қолыңыздан келетін күшіңізді жұмсаңыз.

- 2-3 рет терең тыныс алыңыз
🫁
- Ойыңызды позитивті арнаға ауыстырыңыз. Жақсы күндерді, бақытты сәттерді, 11 жыл оқыған еңбегіңіздің жемісін жейтін күндер алыс емес😃

- Күлкілі видеолар көріңіз. Көтеріңкі көңіл-күй күніңізге сәттілік әкеледі.

- Денеңізді шынықтырыңыз немесе жүгірумен айналысыңыз. Адреналин артып, миыңыз тынығады, бір сергіп қаласыз.

Қобалжуды депрессияға дейін жеткізбеңіз және негативті ойлардан алшақ болыңыз. Әр адамның қобалжу, стресс, депрессия жағдайларында көмектесетін әрекеттері болады. Кейбіреулер бірден дәрі ішіп бастайды, біреуі әбден жылап алып болған соң ғана өз-өзіне келеді, өзгелер инстаграмға кіріп ойын алаңдатады.

Сізге қобалжумен күресуге не көмектеседі?🤔