Ооо, жұрттың көңілінен шыққың келсе, таудан биік, арадан аласа, мұздан суық, оттан ыстық, Билл Гейтстен бай болуың керек шығар. Сонда да оларға жағатыныңа күмәнім бар!Адамдар сен олардан ақыл сұрамасаң да ақыл айтады. Ал олардың ақылы түкке де тұрмайды. Әсіресе, сен олардың ойындағыдай жасамасаң, өзгеше жасасаң, онда ақылдың астында қаласың.Саған айтуы мүмкін:Өмір сүруге асықпа! Диплом алып ал. Дипломсыз жұмысқа алмайды. Мына жұмыс саған ұнамаса да, айлығы жақсы. Істей бер. Сенен жақсы фотограф шықпайды. Суретке түсіруіңді қоя сал. Курстарға ақшаңды шашып не қыласың? Солар дым үйрете алмайды. Саяхаттап не керек? Осы Қазақстанда әдемі жерлер жетеді. Ағылшын тілін үйренуге сенің басың жетпейді. Қазақшаңды қатырып ал.Олардың айтқанына керісінше істесең, сонда ұтасың.2021-08-09 09:54