ҰБТ-ға қалай
дайындаламын?
Қазір көптеген талапкерді
мазалайтын сұрақтар: «ҰБТ-ға
қалай дайындаламын, онлайн
дайындық жақсы ма, әлде
офлайн курстарға барып
дайындалған дұрыс па?».
Осы сұраққа жауап беру үшін,
онлайн мен офлайн
дайындықтың артықшылықтары
мен кемшіліктерін толық
түсіндірейік ✅
Ең басты айырмашылықтарының
бірі – оқу ақысы. 5 пәннен бір ай
офлайн курсқа барып дайындалу
шамамен 30-50 мың теңге. Ал
онлайн-дайындық айына
шамамен 8-10 мың теңге. Ай
сайын 30-50 мың теңге
барлығының қалтасы көтере
бермейтіні анық.
Эмоция. Әрине, офлайн оқуда
эмоция көбірек. Себебі мұғалім
оқушымен тікелей байланыста
болғандықтан, оның көңіл-күйін
жақысырақ сезінеді. Түсініп, не
түсінбегендігін тікелей көзінен
байқауы мүмкін. Бұл үлкен
артықшылық.
Икемділік. Онлайн
дайындықтың үлкен
артықшылықтарының бірі
икемділік.
Мысалы, мекенге байланысты
икемділік. Онлайн дайындықта
оқу орталығына бару шарт емес.
Үйіңде немесе өзіңе ыңғайлы
кофейняда да сабақ оқи беруге
болады ☕️
Икемділік тек мекенге
байланысты емес, уақытқа да
байланысты. Онлайн
дайындықта күндік сабақ
оқууақытын өзің белгілеп алсаң
болады.


Мысалы, математика
сабағын сағат 15:00-де емес,
басқа өзіңе ыңғайлы уақытта
оқып, тапсырмаларын орындай
аласың. Оның үстіне, офлайн
сабақта мұғалімнің түсіндіргенін
қайтадан тыңдай алмайсың, ал
онлайн дайындықта
қалағаныңша қайталап қарасаң
болады.
Сонымен қатар, әр баланың
деңгейіне қарай икемділік.
Яғни онлайн дайындықта әр
баланың деңгейіне қарай
дайындық жоспары болады.


Көп оқу орталықтары қаңтардан кейін жаңа оқушы
қабылдамайды. Себебі, осыған
дейін ашылған топтардың
деңгейіне жетпейсің дейді. Ал
онлайн дайындық топпен емес,
нақты сіздің деңгейіңізге
арналған.
Кері байланыс. Офлайн
курстарда сұрағыңды тікелей
мұғалімнен сұрай алу мүмкіндігі
өте жақсы. Бірақ тек сабақ
уақытында немесе сол оқу
орталығында болған кезде ғана
сұрай аласың.
Ал, онлайн дайындық көбірек
self-study (өз бетіңше дайындық)
дегенге келеді. Яғни кері
байланыс тек қана арнайы
платформада, чаттарда немесе
тікелей эфирдегі вебинарларда
болуы мүмкін.
Дайындық жоспары. Топтық
офлайн дайындықта күндік сабақ
жоспары болсын, жылдық
дайындық жоспары болсын,
барлығы жалпы топқа арналған.
Сыныптың көбісі сабақты түсінсе
келесі тақырыпқа өте береді.
Ал онлайн сабақта дайындық
жоспары жеке сенің қазіргі
деңгейіңе арналған. Барлығына
бірдей білім беру, барлық
ауруға бірдей ем берумен тең.
Себебі әр баланың қазіргі
деңгейі, ойлаған мақсаты және
үйрену жылдамдығы әртүрлі.
Офлайн оқуды 11 жыл бойы
көріп келесіңдер. Ал онлайн
дайындық кімге тиімді?
– ауылды жердегі оқушыларға,
себебі ол жақта офлайн курс
бола бермейді

– топпен емес, жалғыз оқығанды
ұнататындарға

– офлайн курстың ақысын
қалтасы көтермейтіндерге

– ҰБТ-ға өзінің жеке жоспарымен
дайындалғысы келетіндерге

– уақыт үнемдегісі келетіндерге.
Егер осы адамдардың санатына
кірсең, онда саған керегі – біздің
курс. ҰБТ-ға ыңғайлы форматта
дайындалғың келсе, төменді
форманы толтыр.
Орын саны шектеулі:
200 / 69 орын қалды.
10 минут ішінде өтініш
қалдырсаңыз, 1 жылдық
ҰБТ онлайн курсына 40%
жеңілдік аласыз.
Made on
Tilda