ҰБТ-ға
дайындалу
уақытында
пайдасын
тигізетін
8 қосымша:
(бәрін тегін жүктеуге болады)
Сабаққа керек қосымшалар
(барлық қосымша App Store мен
Play Market-те тегін):
1. Forest — жұмыс барысында
басқа нәрсеге көңілің бөліне
берсе, бұл қосымша саған
көмектеседі. Бұл жерде уақытты
бөлу помодоро әдісімен жүреді:
25 минут жұмыс, 5 минут
демалыс.
2. Photomath — кез келген
математикалық есептерді (соның
ішінде күрделілерін де) шығарып
беретін қосымша. Онымен
қоймай, түсініксіз болса
шығарылу жолын да көруіңе
болады.
3. DuoLingo — ағылшын, неміс,
француз және испан тілдерін
қызықты форматта жаттауға
арналған қосымша. Ойын ойнап,
ұпай жинап, басқалармен
жарысуға болады.
4. NeuroNation — миды
жаттықтыруға арналған
қосымша. Бұл қосымша адамның
ойлау қабілетіне байланысты
қажет ойындарды өзі
жинастырып береді.
5. Fabulous — пайдалы әдеттер
қалыптастыруға көмекші құрал.
Өзің қалыптастырғың келген
әдетті таңдайсың және қосымша
сол әдетті күнделікті орындауды
еске салып отырады.
6. Quizlet — бұл қосымшаны түрлі
мақсатта қолдануға болады,
бірақ басты пайдасы — флэш
карталар. Түрлі пәндер мен
тақырыптар бойынша дайын
флэш-карталарды қолдануға
немесе өзің құрастыруыңа
болады.
Орын саны шектеулі:
200 / 69 орын қалды.
10 минут ішінде өтініш
қалдырсаңыз, 1 жылдық
ҰБТ онлайн курсына 40%
жеңілдік аласыз.
7. Joo.kz — Қазақстандағы
барлық жоғарғы оқу орнындары
мен мамандықтар тізімі, шектік
баллдар. Күнделікті керек
кеңестер мен ҰБТ жайлы
жаңалықтар, бәрін осы
қосымшадан табуға болады.
8. Alarmy — жай оятқышты
таңертең өшіріп тастап, әрі қарай
ұйықтайтын әдетің болса, осы
қосымшаны орнат. Бұл жерде
оятқышты өшіру үшін түрлі
логикалық тапсырмаларды
орындау керек.
Made on
Tilda