- Кім болғың келетіні жайлы кемінде жүз рет ойлан. Жұмысшылардың пікірлерін оқы. Мамандықтар туралы видео көр. Артықшылығы мен кемшілігін салыстыр.
- Достарыңмен, туыстарыңмен суретке түс. Бұдан кейін олармен жиі кездесу мүмкіндігі азаяды.
- Біраз жылдан бері армандап жүрген істі жаса. Бастысы жақсы іс болса болды. Армандар орындалатынына ертерек көз жеткіз.
- Жалғыз өзің не досыңмен саяхатқа барып қайт. Сонда өз өмірің үшін жауапкершілікті сезінесің. Тіл білудің пайдасын көресің.
- Жаңадан шет тілін үйрен. Бір тіл білсең, тағы да біреуін үйрен. Сонда миың барынша икемді болады.
- Жұмысқа тұр. Сонда бос уақыттың пайдасын білесің. Әрі тәжірибе жинайсың. Қалтаңда ақша болады. Өз мамандығыңа қатысты салаға жұмысқа барсаң, тіпті жақсы.
- Жүргізу куәлігін ал.
- Спортпен айналыс. Жас өскен сайын спортпен айналысу да қиындай береді.
- Күнделік жүргіз. Ол жерден өзіңнің тұлға боп қалыптасып жатқаныңды сезінесің. Ойың жүйеленіп, басқара алатын боласың. Арада 5-10 жыл өткенде жазбаларыңды оқып, таңғалатын боласың.
- Ай сайын 2 кітап оқы.
- Өмірлік жоспарыңды жаса. Әр күнге арналған жоспарың болсын. Мысалы, «күніне 2 жақсылық жасау».
- Ақшаңды қорға жинап баста. Мүмкін саяхатқа қолданарсың.
- Мектеп бітіру кешіне бар. Бұл – балалық шақтың біткені, соңғы аялдамасы.

App Store
Google Play