- Өзің қандайсың, өзіңді сол қалпында қабылдап, индивидуал болуға талпын.
- Ойлағаның орындалмай, сәтсіздікке тап болсаң мұңайма, қайта күлімде.
- Әр айтқан сөзіңе мұқият бол. Өтірік пен өсекке әуестенбе, айтарың тек шындық болсын.
- Өзіңе қателік жасауға мүмкіндік бер. Себебі қателесу арқылы ғана адам өзін-өзі дамытып, тәжіриебе жинай алады.
- Күн сайын өзіңді тыныштандыру үшін медитация жаса.
- Қорқынышты жеңу үшін оны жай ғана иллюзия деп қабылда.
- Егер қандай да бір мәселе басыңнан шықпай қойса, өзіңе: бұл проблема 5 жылдан кейін мен үшін маңызды бола ма?- деп сұрақ қой. Осы сұрақтан кейін әлгі мәселе сені мүлде мазаламайтын болады.
- Егер біреу сенің ашуыңа тисе, оған жауап қайтармас бұрын 24 сағат күт.
- Сенің жетістікке жетіп, бақытты болуың өзгелердің емес, өз қолыңда. Сондықтан ешкімге тәуелді болмай, әрдайым тек өз-өзіңе сен.
- Ешқашанда берілме! Табандылығың пен еңбекқорлығың міндетті түрде жемісін береді.

App Store
Google Play