- Көбірек кітап оқуға тырыс
Кітап неғұрлым қиын әрі өзгеше болса, соғұрлым миға пайдалы болады.
- Күніне жарты сағатыңды өлең жаттауға бөл
Өлең не туралы болса да бәрібір, маңыздысы сенің осыған күніге 30 минут уақытыңды бөліп, жаттауың. Өлең жаттау есте сақтау қабілетіңді жақсартуға көмектеседі.
- Шахмат, дойбы секілді ойындарды ойна
Бұл ойындар сенің ойлау жүйеңді дамытуға көмектесетін ең эффективті әрі "ақылды" ойындарға жатады.
- Миға пайдалы өнімдерді жиі тұтын
Грек жаңғағы, шалфей және шпинат секілді өнімдер мидың жақсы жұмыс істеуі үшін маңызды рөлді атқарады.
- Шет тілдерін үйрен
Зерттеулер нәтижесінде бірнеше тіл білудің миға пайдалы екендігі анықталды.
- Миыңа демалыс бер
Әрбір бір сағат немесе жарты сағат сайын миыңды сабақтан босатып, демалуына уақыт бер. Өз кезегінде дұрыс демалған ми да, жақсы жұмыс жасап, ақпаратты сапалырақ есте сақтайтын болады.
- Ерекше бір хобби түрімен айналыс
Бұл сенің миыңа күнделікті рутинадан ауытқып, жаңа хобби түрін үйренуге және өзін-өзі жаттықтыруға мүмкіндік береді.

App Store
Google Play