- Дүйсенбі – аптаның алғашқы күні. Сондықтан бұл күнді маңызды, қиын істерді атқарумен емес, оңай және қарапайым жұмыстарды жасаудан бастағаның жөн. Сондай-ақ дүйсенбі алдағы аптаға жоспар құрып, өткен аптада бастаған істеріңді аяғына дейін жеткізуге де ең қолайлы күн.
- Сейсенбі және сәрсенбі – бұл адамның ең өнімді болатын күндері. Аптаның осы күндері зейін қойып жасауды талап ететін істермен айналысып, барлық маңызды шаруаларыңды осы екі күнде атқаруға тырыс.
- Бейсенбі күні демалуға әлі ерте. Шұғыл шаруаларың немесе аяқталмай қалған істеріңді бітіруге ұмтыл.
- Жұма – бұл күні босаңсып, демалуға дайындала бер. Сонымен қатар
жұма шығармашылықпен немесе хоббимен айналысып, аптаны қорытындылауға да ең ыңғайлы күн.
Осылай әр күніңді жоспарлап отыру – уақытың мен энергияңды барынша тиімді пайдаланып, әр аптаңды өнімді өткізуге көмектеседі.

App Store
Google Play