Joo қосымшасын жүктеп ал

Ата-ананың үмітін ақтау VS Өзіңнің үмітіңді ақтау

Біз ылғи ата-анамыздың үмітін ақтағымыз келеді. Меккеге апарғымыз келеді. Мектеп кезінен шығармаларға солай жазамыз. Осы ата-атаның үмітіне не кіреді өзі? Ойланып көрдіңіз бе?

Тізімде не бар?

Маған салса, алдымен өзіңнің үмітіңді ақта дер едім. Өзіңе қандай үміт бересің? Қандай мақсаттар қоясың? Мысалы, ата-ананың атына кір келтірмейтін тәрбиелі болу; мейлі грант, мейлі ақылы болсын, жақсы оқып, білім алу; білікті маман болу; өзгеге пайда тигізу; білгеніңмен бөлісу; үлгілі отбасын құру, т.б.

Егер осы айтылғандарды орындасаң, біріншіден, өзіңнің үмітіңнің ақталғаны; екіншіден, сенің осындай жетістікке жеткеніңді көріп, ата-анаңның үміті ақталғаны. Балам үлкен азамат болды. Елдің адамына айналды. Халықтың алғысын алуда. Жұрт осындай баланы өсірген ата-анасына рахмет деп айтып жатыр екен деп мәз болады.

Асылы, екі бұлақ та бір өзенге құяды екен: ата-ананың үміті баланың көркем мінезді және жұмысында жақсы болуы; баланың үміті адам ретінде және таңдап алған саласында жақсы болу. Ендеше, өзіңе қояр мақсаттарың ірі болсын. Оған апаратын үмітің сөнбесін. Армандарыңа біртіндеп жете бер!

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз