Бәсекелестік - жетістікке жетуге көмектесетін ең үздік жол, себебі ол:
- Сәтсіздіктің дәмін сезініп, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бәсекелестік болған соң бір адам жеңімпаз атанып, бір адам жеңіліс табады. Жеңіліс тапқан адам қарсыласына ашу-ыза ұстамай, керісінше, соған қарап бой түзеуге тырысады. Міне, бәсекелестіктің екі адамға үйреткісі келетіні де осы нәрсе.
- Адам бойындағы жауапкершілік және тәртіп секілді маңызды қасиеттерді дамытады. Мақсатқа жету үшін алдын-ала барлығын жоспарлап, өз іс-әрекетіңе жауапкершілік ала білу керек. Әйтпеген жағдайда қарсыластарың сенен озып кетуі мүмкін. Сол үшін де, өз уақытың мен күш-қуатыңды дұрыс саралап, тайм-менеджменттің сырларын меңгеріп алғаның жөн.
- Өзіңе деген сенімділікті арттырып, көпшіліктің назарына ұшырау қорқынышынан арылтады. Қасыңдағы қарсыластарыңның арасынан бөлініп шыққың келсе, өз қабілеттеріңді өзгелерге көрсетіп, жауапты істерді мойныңа алудан қорықпауың керек.
- Қолыңа алған әрбір істі сапалы және эффективті атқаруға итермелейді. Қарсыластарыңнан озғың келсе, өзіңе берілген жұмысты максималды түрде жақсы орындап шығуға тырыс.
- Әр адамның таланттары мен қабілеттерін дамытуға көмектесіп, алға қарай жылжуға мотивация береді. Сол себепті де, жетістікке жетіп, лидер болғың келсе, бәсекелесіп үйренуің қажет.

App Store
Google Play