Joo қосымшасын жүктеп ал

Білім алудың жаңа тәсілі

Білім алудың жаңа тәсілі

Микрооқу - ағылшын тіліндегі "microlearning" сөзінен тікелей алынған.

Бұл әдіс қандай да бір нәрсені үйреніп, білім алуға, шамамен алғанда, күніне 5 минуттай ғана уақыт бөлуді көздейді.

Микрооқудың соңғы жылдары танымал бола бастауына адамдардың, әсіресе, жастар мен балалардың көлемді ақпараттарды оқуға деген зейіннің нашарлауы себеп.

Қазіргі кезде микрооқу көптеген елдердің білім беру жүйесіне енгізіліп, өз жемісін беруде. Сондай-ақ микрооқуды өз-өзіңді дамытып, әртүрлі саладағы біліміңді жетілдіру үшін де қолдана аласың. Мысалы:

  1. Егер кітап оқуды алдыңа мақсат етіп қойсаң, онда саған күніне кітаптың бір абзацын оқудан бастауға кеңес береміз. 1 абзац көп уақытыңды алмайды және ұзақ уақыт бойы зейін қоюды қажет етпейді.
  2. Сонымен қатар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жазбаларды қарап, подкаст тыңдауға да болады. Ал шет тілін үйреніп жүргендерге, неғұрлым аз ақпараттан тұратын флэш-карталарды жаттап дайындалған тиімдірек.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз