- Өзіңе ұнамайтын іспен айналысып, уақытыңды босқа шығын қылма. Стив Джобс секілді кейбір кәсіпкерлер осы қағиданы ертерек ұғынғандықтан, барынша өздері қалағандай өмір сүруге мүмкіндік алды.
- Егер сен 100 рет қателік жасасаң, 101 ретте де қателесем деп ойлама. Бұл жердегі сенің мүмкіндігің 50/50 болып тұр, яғни, сенің қателесуің де қателеспеуің де мүмкін. Сондықтан қанша рет сәтсіздікке ұшырасаң да, үмітіңді үзбеуге тырыс.
- Әр адам индивидуал болғандықтан, әркімнің өз ойы, пікірі болады. Тұлға ретінде қалыптасу үшін өзіңнің де, өзгенің де пікірін тыңдап көру керек. Есіңде сақта: басқалардың пікірі де сенің пікірің сияқты үлкен маңызға ие, сол себепті өзгенің пікірімен келіспесең де, құрметтей білгенің жөн.
- Өзіңді тым көп іспен айналысып, қажытпа. Уақытыңды рутинаға, пайдасыз істерге азырақ жұмсап, одан да көп уақытыңды өзіңді дамытатын, болашақта маған пайдасы тиеді-ау деген істермен айналысуға жұмса.

App Store
Google Play