Бүгінгі күн сен үшін несімен маңызды:
- Бүгін жаңа бастама бастайтын күн. «Осы жұмысқа тұрып көрсем қалай болар екен? Әлде жеке кәсіп ашайын ба?» деген ойлар көкейіңде жүрген болар. Ендеше неге соны бүгін қолға алмасқа?
- Бүгін арманыңа қадам жасайтын күн. Ол қалай десең, ірі мақсатқа жетелейтін жол кішкентай қадамдардан тұрады. Бір кезеңнен өтіп, екіншісіне жетіп, солай-солай үлкен шыңды бағындырасың.
- Бүгін өз-өзіңе сенетін күн. Өзіне сенімді адам кез келген қамалды ала алады. Оның үстіне, сенімділік болса айналаңдағы адамдар да саған магнит секілді тартыла бастайды.
- Бүгін өмірден ләззат алатын күн. Қиыншылықтар әрдайым болады, оларды өмірдің бір бөлігі деп қабылда. Сондай-ақ олар – уақытша. Сол себептен не болса да, артынша бәрі өз қалпына келеді.
- Бүгін қорқыныштарыңды жеңетін күн. Бәлкім сен өз ойыңды айтуға қорқатын шығарсың, болмаса сезіміңді білдіреуге, не көп адамның алдында презентация қорғауға қорқатын шығарсың. Өз қорқынышыңды мойындап, оған төтеп бер.
- Бүгін жай ғана бақытты болатын күн. Күнделікті күйбең тіршіліктің артынан қуалап, өз бақытымызды жоғалтып аламыз. Бақыт адамның ішінде болады, сондықтан бақытсыз адам барлық мақсатына жетсе де бақытсыз болып қалады.
- Бүгін қайырымды іс жасайтын күн. Өмір алма-кезек, басқаға жасаған жақсылығың өзіңе еселеп келеді, сондықтан көмекке мұқтаж адам көрсең, аянып қалма.
Осыны күнде оқы.

App Store
Google Play