Бір іске зейін қоя алмау – қазіргі заманның вирусы сияқты. Себебі еліктіретін гаджеттер өте көп. Дзт-дзт еткен дауысқа әбден үйреніп алғанбыз. Ол дауыс шықпай қалса, өзіңді жайсыз сезінесің. Бұл әдет сабаққа дайындалу кезінде де болады.
- Смартфонды өшіріп, басқа бөлмеге қой.
- Егер оны қолданатын болсаң, авиарежимге қойып, жұмыс істе.
- Таймерді 30 минутқа қой. Осы уақыт ішінде басқа нәрсеге мүлдем назар аударма.
- Таймер біткен соң 5 минутқа демалыс ал. Осы уақытта су ішіп, басыңды қасып, керіліп-созылып, сергіп ал.
- Нақты қай сабақтарды, тестті, кітапты оқитыныңды жоспарлап ал. Және қанша уақыт оқитыныңды белгіле. Сол уақыт ішінде басқа іске ауыспа.
- Әлеуметтік желіге кіргің келсе, «Дәл қазір емес, кейінірек» деп өзіңді алдап отыр.
- Ғашық болма! Ойлама. Тәтті қиялға берілме. Ол саған грант әпермейді.

App Store
Google Play