Joo қосымшасын жүктеп ал

Дейл Карнеги ұсынған 9 кеңес!

🖇Ешқашан жауыңнан есеңді алуға тырыспа. Себебі осылай жасау арқылы олардан гөрі өзіңе көбірек кесіріңді тигізесің.😉

📌Генерал Эйзенхауэр секілді бол: өзіңе ұнамсыз адамдар жайлы бір минут та ойлама.

🖇Ешкімді және ештеңені сынама, айыптама және шағымданба.

📌Есіңде сақта: сенімен әңгімелесушінің айтқаны толықтай дұрыс болмауы мүмкін. Бірақ ол өзі туралы олай ойламайды. Сондықтан оны айыптама.🥲

♻️Басқа адамның орнына өзіңді қойып көр. Ол адамға не қажет екенін түсінуге тырыс. Осыны істей алған адаммен бүкіл әлем бірге болады.💫

Егер біреу сені жеке мақсатына пайдалануға тырысса, ол адаммен достық қарым-қатынасыңды мүлдем үзіп таста.🙅

Тағдыр саған лимон ұсынса, одан лимонад жаса.🥤

Бос уақытың болмасын. Әрқашан істейтін жұмысың болсын. Бұл - әлемдегі ең арзан және эффективті дәрілердің бірі.🔥

✅Өзіңді бақытты сезініп, соған сай әрекет ет. Сонда шынымен де бақытты бола бастайсың.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз