Joo қосымшасын жүктеп ал

Дүниежүзі тарихы пәнінен қалай дайындалу керек?

Дүниежүзі тарихы пәнінен қалай дайындалу керек?

Дүние жүзі тарихы пәні - кәдімгі тарихтан өзгеше және мұнда мәліметтер көп болады. Ең жоғары балл жинау үшін тыңғылықты дайындық керегін білетін боларсың. Бірақта біздің саған ұсынған лайфхактарымыз саған өз көмегін тигізер.

  • Ең алдымен өз деңгейіңді біліп алғаның жөн. Арнайы ҰБТ тест кітапшасын ал. Таныс сұрақтарды белгілеп, ал білмеген сұрақтар бойынша дайындалғаның жөн.
  • Тарихта ең көп кездесетін ол цифрлар және адам аттары. Жаттауға оңай болуы үшін бір параққа жазып көз алдыңда ілініп тұруына жағдай жаса.
  • Қиын терминдерді жақсылап оқы, кейін оны өз сөзіңмен түсіндірмесін қағаз бетіне түсір.
  • Оқыған материалды күнделікті қайталап жүрген дұрыс.
  • Әр санды немесе өзіңе жаттауға қиын сөздерді өз өміріңмен байланыстырып көр, солай жаттау оңай болады.
  • Дүние Жүзі тарихы үшін конспект өте маңызды. Оны жазып қана қоймай, қайталап жүрген дұрыс.
  • Әр тақырыпты оқып болған соң, тест құрап жауап беріп көр. Есіңде қалу мүмкіндігі жоғары болады.
  • Білмеген, түсінбеген тақырыптарды достарыңмен талқыла. Немесе мұғалімнен сұрағаның жөн болады. Білмей қалып кетсе сол бойы есіңінен шығып кетеді.
  • Дайындықтан кейін демалған маңызды. Миыңды шаршатпа. Шаршаған ми жаңа материалдарды қабылдай алмайды.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз