- О.А.Андреевтың "Техника развития памяти. Самоучитель" атты кітабында есте сақтау жүйесін жаттықтыруға арналған сабақтар мен мидың ақпаратты қабылдап, есте сақтайтын бөліктерін дамытуға көмектесетін көптеген жаттығулар берілген.
- Кез келген ақпаратты еш қиындықсыз жаттап алудың жолдарын Тони Бьюзеннің "Карты памяти. Готовимся к экзаменам" деген кітабын оқу арқылы біле аламыз. Егер осы кітаптардағы әдіс-тәсілдерді толық меңгеріп алсаң, ендігәрі емтихандарды қорықпай әрі жоғары бағаға тапсырып шығатыныңа еш күмәнің болмасын.
- Ми жүйесінің белсенділігін арттыруға көмектесетін ерекше технологияны ұсынған Станислав Мюллердің "Разблокируй свой ум: стань гением!" атты кітабын міндетті түрде оқуға кеңес береміз. Аталған кітап адамның жас-ерекшеліктеріне қарамай, оқуға деген ниетін ашуға көп көмегін тигізеді.

App Store
Google Play