Joo қосымшасын жүктеп ал

Энергияң таусылса...

  1. Таза ауада көбірек уақыт өткізіп, бөлмеңді жиі желдетуге тырыс.

2. Перделерді ашып, бөлмеңе күннің жарығы түсуін қадағала .

  1. Таңғы гимнастика жаса немесе көңілді әнге биле. Бұл көңіл-күйіңді көтеріп, бір күнге жететіндей энергия сыйлайды.
  1. Терең тыныс ал. Өйткені бұл сенің организміңді оттекпен қамтамасыз етіп, денеңді позитивті энергияға толтырады.
  1. Жеміс-жидектерді көбірек тұтынып, жиі-жиі күлімдеуге тырыс.
  1. Теледидар мен смартфонға үңіле бермей, жақсылап ұйықтап ал.
  1. Сүйікті ісіңмен айналыс , фильм қара немесе жақын досыңа хабарлас. Бастысы, өзіңді қуантатын іс болсын.
  1. Әрбір күніңді алдын-ала жоспарлап отыр. Бұл саған энергияңды бостан-босқа құртпауға мүмкіндік береді.
  1. Жақсы істер жасап , жан-жағыңдағы адамдарға көмектесуге ұмтыл.
  1. Түстен кейінгі уақытта 10-15 минуттай тынығып алуға тырыс , бұл миыңды тынықтырып, өзіңді әлдеқайда жақсырақ сезінуге көмектеседі.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз