- Таза ауада көбірек уақыт өткізіп, бөлмеңді жиі желдетуге тырыс.
- Перделерді ашып, бөлмеңе күннің жарығы түсуін қадағала.
- Таңғы гимнастика жаса немесе көңілді әнге биле. Бұл көңіл-күйіңді көтеріп, бір күнге жететіндей энергия сыйлайды.
- Терең тыныс ал. Өйткені бұл сенің организміңді оттекпен қамтамасыз етіп, денеңді позитивті энергияға толтырады.
- Жеміс-жидектерді көбірек тұтынып, жиі-жиі күлімдеуге тырыс.
- Теледидар мен смартфонға үңіле бермей, жақсылап ұйықтап ал.
- Сүйікті ісіңмен айналыс, фильм қара немесе жақын досыңа хабарлас. Бастысы, өзіңді қуантатын іс болсын.
- Әрбір күніңді алдын-ала жоспарлап отыр. Бұл саған энергияңды бостан-босқа құртпауға мүмкіндік береді.
- Жақсы істер жасап, жан-жағыңдағы адамдарға көмектесуге ұмтыл.
- Түстен кейінгі уақытта 10-15 минуттай тынығып алуға тырыс, бұл миыңды тынықтырып, өзіңді әлдеқайда жақсырақ сезінуге көмектеседі.

App Store
Google Play