Құлшыныс - адамға шабыт беріп, әрекет етуге итермелейтін нәрсе. Адамда құлшыныс болмаса, өз ісін жақсы көріп, арманын орындай алмайды. Жетістікке неғұрлым тезірек жеткісі келген адамға құлшыныс ауадай қажет.
- Құлшыныс өзіңе ұнайтын іспен айналысқанда пайда болады. Сондықтан күн сайын өзіңнің хоббиіңмен және сүйікті істеріңмен айналысуға уақыт бөліп тұруды ұмытпа.
- Көбірек армандап, мақсаттарыңа қол жеткізген кезіңді көз алдыңа елестетуге тырыс.
- Тек қана армандап қана қоймай, алдыңа нақты жоспар қоя біл. Мақсатқа жету жолыңды үтір-нүктесіне дейін жоспарлап қойсаң, тезірек әрекет етуге асығатын боласың.
- Жан-жағыңды өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын, табанды және құлшынысқа толы адамдармен қорша. Себебі айналаңдағы адамдар сенің жетістікке жетіп, тұлға болып қалыптасуыңда ерекше рөл атқарады.
- Шаршап тұрған кезде құлшынысыңды арттыру анағұрлым қиынырақ. Сол үшін дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау және арасында дене жаттығуларын жасау арқылы денсаулығыңды күтуді ұмытпағаның абзал.

App Store
Google Play