- Өз ойыңды ашып айтудан қорықпа. Себебі азғантай ғана адам қоғамның қойған талаптарына қарсы өз ойын ашық білдіре алады. Ал кейбіреулер өз ойын айтпақ түгілі, оны құрай да алмайды.
- Өзіңнің ішкі түйсігіңе, интуицияңа құлақ ас. Өйткені интуиция - әр адамға берілген сый.
- Қиындықтар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан әрбір мәселеден оның шешімін, әрбір қиындықтан жаңа мүмкіндікті таба біл.
- Білім алудан және жаңа нәрселерді үйренуден қашпай, өзіңді үздіксіз интеллектуалды
түрде дамытуға ұмтыл.
- Өміріңді өзгерткің келсе, ең алдымен ой-санаңды өзгерт. Санаңды өзгертпей жатып, өміріңді өзгерту мүмкін емес.
- Қателесу - прогресс пен дамудың белгісі. Сондықтан қателік жасап, сүрінуден қорықпағаның жөн.
- Барлық адамға бірдей құрметпен және сыйластықпен қарап үйрен. Ол қарапайым ғана жұмысшы немесе бір елдің президенті болса да, бәрімен бірдей деңгейде амандасып, араласуға тырыс.

App Store
Google Play