- Физика — іш пыстырарлық ғылым деген ойды ысырып таста. Бұл ғылым өте ауқымды және кез келген адам өзіне қызық тақырыпты міндетті түрде табады. Қоршаған ортаны түсіну физикадан басталады.
2 Физика өзінің бастауын математикадан алатынын естен шығарма. Сондықтан физиканы үйрену оңайырақ болу үшін, бірінші математиканы түсіну керек.
- Бірінші теорияны толық түсініп алған дұрыс. Теорияны түсінбей, тек формуланы жаттай бергеннен еш пайда жоқ. Тағы бір артықшылығы — теорияны жақсы түсінген адамға формула жаттау да оңайға соғады.
- Кітаптағы теория мен формулаларды түсіну қиын болуы мүмкін. Бұл кезде саған ғаламтордағы танымдық видеожазбалар көмектеседі.
- Әйткенмен, ғаламтордағы заттың бәріне сене бермей, арасында дұрыстығын тексеріп тұруға кеңес береміз. Оны физик маман жасап шықты деп ешкім кепілдік бере алмайды.

App Store
Google Play