Неміс халқының ұлы ақыны, прозаик және драматург – Вольфганг фон Гётенің есімі бәрімізге де таныс. Оның пәлсапа мен даналыққа толы шығармаларын оқығаннан кейін ерекше тұстарын түртіп алмау мүмкін емес.
- «Миллион оқырманым болады деп армандап, үміттенбейтін адам, бірде-бір сөз жазып бастамасын».
Бұл сөздің мағынасы «Егер өзіңнің жетістікке жететініңе сенбейтін болсаң, онда ешнәрсе бастама». Шынында да, жетістікке жету үшін адамда ең бірінші өзіне деген сенімділік болу керек. ✊🏻 Себебі өз-өзіне сенбейтін және болашағынан үміт күтпейтін адам ешқашанда жетістікке жете алмайды. Оған күмәнданбасаң да болады.
- «Құр армандап отыра бергеннен пайда жоқ, сол арманыңды орындауға тырысып, әрекет етуің керек».
«Мен осындай жерге барғым келеді, мен осындай тамақты жегім келеді» деп құр сөзбен айтып, армандап отыра бермей, 🙅🏻♂️ арманыңды жүзеге асыруды ойла. Өмірде мүмкін емес ешнәрсе жоқ, талпынсаң бәрі де мүмкін. Ең бастысы, өзіңе сен, сол кезде өмірді қалай сүру керектігін бірден ұғатын боласың.

App Store
Google Play