Joo қосымшасын жүктеп ал

Грант конкурсында қандай жеңілдіктер бар?

Грант конкурсында қандай жеңілдіктер бар?

Өткен аптада біз талапкерлер арасындағы «Квотаға балл қосыла ма?» сұрағына жауап жазған болатынбыз.

Дәл қазіргі сәтте толық грант саны шықпаса да, квота бойынша грант саны белгілі.

Квота бойынша бөлінген гранттың толық тізімін testcenter.kz сайтынан білуге болады.

Ал жалпы квота бойынша:

  1. көп балалы отбасыларға - 5%
  1. толық емес отбасыларға - 1%
  1. қандастарға - 4%
  1. ата-ана қамқорлығынсыз қалған талапкерлерге - 1%
  1. I/II топтағы мүмкіндігі шектеулі талапкерлерге - 1%
  1. ауыл жастарына - 30%
  1. серпін бағдарламасы бойынша - 10% гранттар қарастырылған.

Квота жайлы әлі де толық түсінбеген болсаң, біздің өткен; постымызды қарауға кеңес береміз.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз