Кешегі “Сұрақ-Жауап” бойынша ең жиі қойылған және ең көп лайк жинаған сұрақтарға жауап жаздық:
1️⃣Сұрақ: Барлық университеттердің шекті балы шықты ма? Қайдан көруге болады?
✅️Жауап: Университеттер де мамандықтар бойынша өзіндік шекті балын белгілеуге құқылы. Мысалы, “Ақпараттық технологиялар” мамандығына Сүлеймен Демирел университетіне түсу үшін ең кемі 120 балл жинауың керек, бұл ақылы бөлімге де қатысты. Осы секілді барлық университеттердің өзіндік шекті балын тестцентр сайтынан көре аласың. Ол үшін МЫНА сілтемеге өт.
2️⃣Сұрақ: Математикалық сауаттылық жойылды деген рас па?
✅️Жауап: Шығармашылық тапсыратындар үшін математикалық сауаттылық ресми түрде алып тасталынды. Енді шығармашылық таңдағандар ҰБТ-ны тек 2 пәннен тапсырады:
📌Жалпы 30 балл:
📚Қазақстан тарихы - 20 сұрақ, 20 балл
📚Оқу сауаттылығы - 10 сұрақ, 10 балл
📍Тестілеу уақыты - 70 минут.
3️⃣Сұрақ: Қаңтар ҰБТ-ға форма киіп бару керек пе?
✅️Жауап: Жоқ, міндетті түрде форма киіп келу керек деген ереже жоқ. Өзіңе ыңғайлы, еркін киініп келуіңе болады, тек этикетке сай болса болғаны.
4️⃣Сұрақ: Барлық ҰБТ-да әртүрлі бейіндік пәндерден тапсыруға бола ма?
✅️Жауап: Ақылы ҰБТ-ның үшеуінде де әртүрлі пәндерден тапсыруға болады. Тек мамыр-маусым айларындағы НЕГІЗГІ 2 ҰБТ-да бейіндік пәндерің БІРДЕЙ болу керек. Мысалы, бірінші мүмкіндікте физмат тапсырып, екіншісінде инфомат таңдауға болмайды.
5️⃣Сұрақ: (Қандай да бір мамандыққа) шекті балл қандай? Грантқа түсу үшін неше балл жинау керек?
✅️Жауап: Мына мамандыққа грантқа түсу үшін мынша балл жинау керек деп ешкім нақты айта алмайды. Грантқа шекті балы барлық талапкерлердің ҰБТ-ны қалай тапсырып шығатынына байланысты. Мысалы, “Химия мұғалімдерін даярлау” мамандығына 2022 жылы грантқа соңғы болып 97 балмен іліксе, 2023 жылы соңғы болып 107 балмен іліккен. Бұл оқушылардың балл көрсеткіштері өскенін көрсетеді. Алайда біз өткен жылғы көрсеткіштер бойынша шамамен қанша балмен түсуге болатынын болжай аламыз. Мамандықтардың өткен жылғы грантқа шекті балдары мен грант санын “Мамандықтар” бөлімінен көре аласың.




App Store
Google Play