Joo қосымшасын жүктеп ал

Икигай арқылы өмірден өз орныңды тауып көр

Икигай арқылы өмірден өз орныңды тауып көр

Өмірден жақсы көретін ісіңді табу оңай емес. Жапондықтар бұл мәселенің шешімін әлдеқашан тауып, оны "икигай" деп атапты. Икигай философиясы бойынша барлық адамның өмірден алатын өз орны бар. Сондай-ақ ол жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін.

Өз икигайыңды табу үшін мына сұрақтарға шынайы жауап беруің қажет:

  1. Сен өзіңді қандай істе кәсіби маман ретінде сезінесің?
  2. Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттің?
  3. Қандай хоббилерің бар?
  4. Саған энергия беретін қандай да бір қызығушылықтарың бар ма?
  5. Кішкентай кезіңде кім болуды армандадың?

Сұрақтарға барынша шынайы жауап беріп, ештеңеге алаңдамауға тырыс. Болған соң жауаптарыңа анализ жасауды ұмытпа. Содан шыққан қорытынды сенің икигайың болады.

Икигайды табуға мына кеңестер де көмектесе алады:

  1. Айналаңда тек жақсы жандардың жүруін қадағалап отыр;
  2. Күнделікті спортпен айналысып, денсаулығыңды күт;
  3. Өткенмен өмір сүрме, болашақты ойлап уайымдама, тек қазірмен өмір сүруге ұмтыл;
  4. Жүрегіңді тыңда, ол саған өз икигайыңды табуға міндетті түрде көмектеседі.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз