Joo қосымшасын жүктеп ал

Көңіл-күйді көтерудің оңай жолдары

  1. Артық ойлардан арылып, өзіңді жақсырақ тану үшін күнделік жүргізуге кеңес береміз. Күнделік - көптен мазалап жүрген мәселелердің шешімін тауып, көңіл-күйіңді көтеруге көмектесетін ең тиімді әрі қолжетімді құрал.

2. Көп шаршап, аз ұйықтау - көңіл-күйдің нашарлауының кең таралған себептеріне жатады. Сондықтан күніне 6 сағаттан кем ұйықтамай, мүмкін болса, түскі уақытта 15-20 минуттай көз ілдіруге тырыс. Бұлай жасау сенің өнімділігіңді арттырып, көңіл-күйіңді көтеруге көмектеседі.

3. Үйде отыра бермей, достарыңмен кездесіп, серуендеп қайт. Шығармашылықпен немесе хоббилеріңмен айналысып, ішкі потенциалыңды дамыт. Және де, өз қалауларыңа құлақ асып, өзіңе ұнайтын іспен айналыс.

4. Көңіл-күйіңді өзің көтермесең, басқа ешкім көтермейді. Сол үшін де, өзіңді не қуантатыны жайлы ойланып, тіпті Менің көңіл-күйімді көтеретін 100 нәрсе деген тізім құрып, қойсаң да болады.

Есіңде болсын: өзіңе сенімді болу да, көңіл-күйіңді көтеріп, өз-өзіңді қуанту да, бәрі-бәрі - өз қолыңда. Сондықтан өзіңмен болып жатқан жағдайларға өзгелер емес, тек өзің ғана жауапты екеніңді есте ұстағаның жөн.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз