- Көңіл-күйіңнің әрқашан көтеріңкі болғанын қаласаң, ұсақ-түйекке бола жақындарыңмен ұрсыспа. Керісінше, оларды кешіре біл. Кешіру арқылы өзіңе зияны тиетін ашу-ыза сезімдерінен құтыла аласың.
- Өмірге әрдайым оптимистік көзқараспен қарауға тырыс. Қиын жағдайға тап болсаң да, күлімдеп, өзіңе: «Ештеңе етпес, соңында бәрі жақсы болады» – деп айт.
- Көңіл-күйің жоқ болса, бұл басқалардың да көңіл-күйі жоқ дегенді білдірмейді. Үйде отыра бермей, серуендеуге шық. Достарыңмен бірге көңіл көтер немесе өзің қалаған жерге барып, ұнаған іспен айналыс.
- Жүзу спортымен айналысудың пайдасы зор. Су адамға демалып, босаңсуға және көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ басқа спорт түрлерімен салыстырғанда жүзу спортынан жарақат алу ықтималдығы әлдеқайда төмен.
- Психологтардың айтуынша, көңіл-күйді көтерудің тағы бір жолы – өміріңе өзгеріс енгізу. Кейде жаңа хобби түрін табу немесе киіну стиліңді өзгерту шынайы қуаныш сыйлайды. Қысқасы, көңіл-күйіңді көтеру - өз қолыңда!

App Store
Google Play