Уайым, мазасыздану, түрлі ойлар, қорқыныш, мұның бәрі тек келе жатқан ҰБТ-ға байланысты емес. Басқа да себептерін және олардың алдын-алу жолдарын қарастырып көрейік:
- Мазасыздану қанның құрамындағы глюкоза (қант мөлшері) төмендеп кеткенде пайда болуы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде ақуызға бай таңғы ас ішіп, әрдайым қант мөлшерінің бірқалыпта болуын қадағала.
- Ағзадағы мазасыздану деңгейінің жоғары болуы В-12, Омега-3 және D дәрумендерінің жетіспеушілігінен болуы да мүмкін. Жақында жүргізілген зерттеушілер нәтижесінде, Омега-3 дәрумені мазасыздануды басуға көмектесетіні дәлелденді. Сол себепті үнемі ағзаңа құлақ асып, қажетті дәрумендерді уақытында қабылдап отыруға тырыс.
- Мазасыздану мен стресстен медитация, йога немесе тайчимен айналысу арқылы құтыла аласың. Зерттеулер көрсеткендей, бұл жаттығулар басқа спорт түрлеріне қарағанда жарақат алу мүмкіндігі төмен әрі қолжетімді болуымен бағаланады.
- Көңіл-күйді көтеріп, мазасыздық пен артық қобалжудан арылуға физикалық жаттығулар көмектесе алады. Себебі көптеген зерттеулер үнемі спортпен айналысып, қозғалыста болатын адамдар, басқаларға қарағанда аз мазасызданып, көңіл-күйлері тұрақты болатындығын көрсетті.
- Адам ағзасына ұйқының жетіспеушілігі мазасыздануға және тағы да басқа ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұндайды болдырмас үшін өзіңе қажетті мөлшерде ұйықтап, арасында демалып тұруды ұмытпағаның жөн.

App Store
Google Play