- Жұмыс үстеліңе логиканы дамытып, бас қатыратын қандай да бір ойыншық қойып қой. Өзіңді шаршаңқы сезінген кезде әлгі ойыншықпен ойнап, ойлау жүйеңді бір қозғап алсаң, шаршағаның әп-сәтте басылатын болады.
- Гарвард университеті жүргізген зерттеу бойынша, күніне бар болғаны 10 минут жаяу жүрудің өзі адамның зейінін ашып, концентрациясын арттыраны белгілі болды.
- Атақты невролог дәрігер Анита Коллинздің айтуы бойынша, музыка ми жүйесінің барлық бөлігіне әсер етіп, миды жаттықтырады. Сондықтан миыңды дамытқың келсе, музыкалық аспаптарда ойнап, музыка тыңдағаның жөн.
- Егер ештеңе істеуге құлқың болмай тұрса, өзіңе 5 минут қана жұмыс істеуге уәде бер де, шаруаңды бастап кет. Бастысы, бастап кетсең болғаны, ары қарай 5 минут емес, бір сағаттың қалай өтіп, жұмысыңды аяқтап тастағаныңды байқамай да қаласың.
- Түскі уақытта 15-20 минут болса да, миыңды тынықтырып, тынығып ал. Бұл саған кешке дейін энергия беріп, сергек жүруге көмектеседі.

App Store
Google Play