- Егер сен әр күніңді жоспарлауға 10 минут бөлсең, 100 минуттан көбірек үнемдей аласың. Жоспарсыз адам маңызды және маңызсыз істердің қайсысын жасауды білмей, уақытын босқа кетіреді.
- Тайм-менеджмент эксперті Дэвид Аллен екі минут немесе одан да аз уақыт алатын істерді бірден жасап тастау қажет дейді. Оларды кейінге қалдырсаң, уақытың мен энергияңды босқа шығын қыласың.
- Сабақ оқып отырғанда ештеңеге алаңдамас үшін смартфоныңды басқа жерге қойып, тыныш бөлмеде отыр. Егер ештеңеге алаңдамайтын болсаң, өнімділігің 4 есе артады.
- Бір-біріне ұқсас шаруаларды біріктіріп, бір уақытта жасауға тырыс. Бұл саған көп уақытыңды үнемдеуге көмектеседі.
- Жұмыс үстеліңді ретке келтіріп, айналаңды таза ұста. Сонымен қатар компьютерің керек кезде қатып қалмас үшін ішін жиі-жиі тазалап отыр. Бөлмеңдегі заттарды орын-орнына қойып, айналаңды жинастыр. Сонда бірдеңе керек кезде тез табасың. Босқа уақытыңды алып, негізгі іспен айналысуға кедергі келтірмейтін болады.

App Store
Google Play