Медицина университеттеріне түсу үшін биология мен химияны таңдау керек. Жоғарғы оқу орындары:
- Астана медицина университеті.
- М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.
- Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.
- Қарағанды медициналық университеті.
- Семей медициналық университеті.
- Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ.
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.
- Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы.
- Қазақстан-Ресей медицина университеті.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
- Егер сен хирург, кардиолог, окулист, акушер-гинеколог болғың келсе, онда "Жалпы медицина" факультетінің бакалаврына түсесің. Онда 5 жыл оқисың. Гранттар саны 1575. Ең төменгі грант балы-117.
- Бакалаврдан кейін интернатураға түсу керек (2 жыл). Онда Жалпы дәрігерлік практика, Терапия, Хирургия, Акушерия және гинекология, Педиатрия бағыттары бойынша білім алуға болады. Интернатурадан кейін тек емханаларда жұмыс істей аласың.
- Ауруханада жұмыс істеп, операция жасау үшін резидентураға түсу керек (2-4 жыл). Тек 7 жыл оқығаннан кейін сен қандай дәрігер болатындығыңды таңдай аласың: кардиолог, нейрохирург, офтальмолог, дерматолог. Резидентурада кез келген мамандыққа конкурстық іріктеуден өтіп түсе аласың.
- Стоматологтар жалпы 6 жыл оқиды (5 жыл стоматология бакалавры, таңдаған бағыты бойынша 1 жыл интернатура). Гранттар саны 20. Ең төменгі грант балы-139.
Басқа мамандықтар туралы білу үшін JOO.kz мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандықтар» бөліміне өт.

App Store
Google Play