- Әрдайым миыңды жаңа нәрселермен қуантып, оған ойлануға азық бер. Жаңа тіл үйрену болсын, гитарада ойнап үйрену болсын, бұлардың барлығы сенің миыңды дамытып, апгрэйд жасауға көмектеседі.
- Йога, медитация жасау миға сен ойлағаннан да пайдалы. Күніне 10-15 минут бойы ешнәрсе ойламай, жай ғана тыныштықта отыру - миыңды керексіз ойлардан тазартып, оның бұрынғыдан да жақсырақ жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді.
- Егер стресстен арылып, эмоционалды интеллекттіңді арттырғың келсе, кітап оқуды баста. Сондай-ақ өзіңнің жеке күнделігіңді жүргізудің де пайдасы көп.
- Адамның денесі қозғалысты қажет етеді. Сондықтан денсаулығыңды жақсы қалыпта ұстау үшін физикалық жаттығулар жасап, көбірек қозғалуға тырыс.
- Міндетті түрде 7-8 сағат ұйықтап, түскі уақытта 20-30 минуттай тынығып ал. Сонда өзіңді шаршаңқы сезінбей, күні бойы сергек жүретін боласың.

App Store
Google Play