- Физикалық жаттығу жасап тұрмасаң, бұл біртіндеп мидағы нейрондардың формасын өзгертіп, ақыл-ой қабілеттерінің төмендеуіне алып келеді. 🤒 Физикалық жаттығу жасағың келмесе де, жай ғана таза ауада серуендеп немесе велосипед теуіп қайтуға тырыс.
- Біз күн сайын айналамыздан өте үлкен көлемде ақпарат аламыз. Оның ішінде керекті ақпарат та, керексіз ақпарат та бар. Егер миды әлгі керексіз ақпараттардан тазартып отырмасақ, стресс пайда болуы мүмкін. 😖 Ал стресс мидың жұмысын тежеп, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Телефоныңның ішін қажетсіз ақпараттардан жиі-жиі тазартып, поштаңды арасында реттеп отырғаның жөн.
- Қазіргі кезде адамдар арасындағы социалды қарым-қатынас біртіндеп жоғалып, оның орнын виртуалды қарым-қатынас басуда. Адамдар бұрынғыдай бетпе-бет кездесуді емес, онлайн түрде сөйлескенді құп көреді. 📱 Алайда бұның миға және адамның психикасына қаншалықты зиян екенін көбі біле бермейді. Зерттеулер нәтижесінде адамдардың шынайы өмірде қарым-қатынас орнатуды тоқтатуы уақыт өте келе психикалық аурулардың туындауына әсер ететіні белгілі болды. Ал енді өз өміріңе назар аударып көрші, сенің айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасың қалай?

App Store
Google Play